Алматыда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 35 шетелдік анықталды
Алматыда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 35 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекті рейд барысында қалалық көші-қон қызметінің қызметкерлері заңсыз келушілер көп шоғырланған жерлерді тексерді.
Бостандық ауданында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 35 шетелдік анықталды.
Олардың 20-сының жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Ал, Әуезов ауданында қонақүй кешендері тексерілді.
Ол жерде интимдік қызмет көрсететін 5 шетелдік әйел анықталды. Олар – Орталық Азия елдерінің азаматтары. Шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберілетін болады.