СҚО полицейлері жүргізушілерді жол үстінде мұқият болуға шақырады
СҚО полицейлері жүргізушілерді жол үстінде мұқият болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлдан шығып, Көкшетау қаласына бара жатқан MAN жүк көлігінің жүргізушісіне полиция қызметкерлері мен жол ұйымдарының көмегі қажет болды. Өткен демалыс күндері рейсті тезірек аяқтауды жоспарлаған жүргізуші Мамлютка — Қостанай автожолын қардан тазартып жүрген ДЭУ-53 ұйымының жол техникасын басып озбақ болғанда жолдан шығып кеткен.
Көлікті К-700 тракторы бірден сүйреп шығара алмады. Жүргізуші кабинада түнеуге мәжбүр болды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, таң атқан соң көмек ұйымдастырды. Жол ұйымының ауыр техникасынан бөлек, автокран келді. Оны жергілікті тұрғын Алексей Рогозин жіберді. Жүк көлігін жолға шығару үшін жол сақшылары осы учаскедегі қозғалысты уақытша тоқтатты. Алдымен тіркемесі, кейін көліктің өз ішығарылды.
– Қыс кезінде жол үстінде асығыстық жасамауды сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтап, мұз басқан, қалың қар жатқан қиын учаскелерде өзге көліктерді басып озбау керек. Құтқару қызметінің жолдарды жабу туралы хабарламаларын бақылап отырған жөн, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.