Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады 

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Құрметті жүргізушілер! Қолайсыз ауа райына байланысты сіздерді алыс сапарларға шықпауға шақырамыз. Қазіргі уақытта 8 өңірде 30-ға жуық жол учаскесі жабық. Республикалық маңызы бар автожолдарда құтқару жұмыстарына 658 бірлік техника мен 1,5 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Жолда қалып қойған азаматтар үшін эвакуацияға дейін және қосымша көмек күші жеткенше жылыту және тамақтану пункттері ұйымдастырылды. 112-нің ескертулеріне назар аударыңыз, өзіңіз бен жақындарыңызға сақ болыңыз! – деді ведомствода.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру