Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ет тасымалдау және мал жаю ережелерін бұзу бойынша 100 дерек тіркелді

Қостанай облысында ет тасымалдау және мал жаю ережелерін бұзу бойынша 100 дерек тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде 21 ақпаннан бастап «Мал ұрлығы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шара мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаудың алдын-алуға бағытталған. Бұл күндері автожолдарда және ет өнімдерін сататын орындарда 46 полиция бекеті қойылды.

Екі күн ішінде облыс бойынша қызметкерлер мал мен ет өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзудың 40-тан астам фактісін анықтады. Мысалы 21 ақпанда Қостанай – Қарабұтақ А-22 автожолында 42 жылқыны тиісті құжаттарсыз тасымалдаған фура жүргізушісі тоқтатылды. Сол күні Заречное ауылында тіркемесінде еш белгілері жоқ 3 ірі қара малдың басы болған, ГАЗель тоқтатылды.

Сондай-ақ Заречное ауылының ет дүкендерінің біріне құжаттарсыз шошқа етінің 15 ұшасын әкелген, RAF автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Ол етті Ресейден әкелгені белгілі болды. Тексеру барысында жүргізушіде еш құжаттар болмаған, сондай-ақ ол етті тасымалдау ережелерін бұзған.

Аталмыш фактілер полицияда тіркелді. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін ветеринарлық инспекцияға жолданды. Бұған қоса, полицейлер бұл күндері мал жаю ережелері бұзушылықтарын анықтау үшін біраз жұмыс атқарды. Осылайша, 21 ақпанда Ұзынкөл ауданының Сұңқар кентінің маңында 22 жылқы табынсыз жайылымда, республикалық маңызы бар автожолдың жанында жайылып жүрген.

Осы заң бұзушылық үшін жылқы иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 АЕК көлемінде
айыппұл салынды. Екі күн ішінде 70-ке жуық ауыл шаруашылығы малдарын жаю ережелері анықталды.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезеңінде барлығы 280-нен астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

Жыл басынан бері жүргізушілерге материалдық залал келтірілген, жылқыларға қатысты 2 жол-көлік оқиғасы болды. Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жүргізушілер залалды өтеу үшін сотқа шағым түсірді.

Іс-шараны өткізу барысында 15 ақпанда Қостанай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қоршалған тұрғын алабына кіріп, шамамен 250 мың теңге сомаға 4 ірі қара мал басын ұрлаған 3 мал ұрлығын ұстады.

Үш адам да күдікті деп танылды. Тұрғын үйдің ауласына кірген мал ұрлығы үшін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Олардың мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру