Құқық қорғау органдарына қызметке кандидаттарға медициналық анықтамаларды ресімдеу мәселесі бойынша ақпарат
Құқық қорғау органдарына қызметке кандидаттарға медициналық анықтамаларды қағаз жүзінде ресімдеу мәселесі бойынша төмендегілерді түсіндіреміз.
- Құқық қорғау органдарына қызметке кандидаттарға медициналық куәландыру (бұдан әрі – МК)жүргізу тәртібі «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы»(бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен регламенттеледі.
Осы Қағидалар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 11-бабының 3-бөлігінің құзыретіне сәйкес әзірленді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті, Бас прокуратурамен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Қаржы мониторингі агенттігімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісілді.
Қағидалардың 37-тармағына сәйкес, құқық қорғау органдарына қызметке кандидаттар МК өту кезінде бақылаудағы (жұмыс, оқу немесе қызмет) орны бойынша учаскелік дәрігерден үзінді көшірме және денсаулық жағдайы, жүгіну, ауырған аурулар, кемiнде соңғы 5 жыл кезеңiнде Д-есебі және мүгедектiгi болуы (болмағаны) туралы тұрғылықты жері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық диспансерлердің анықтамаларың ұсыну қажет (аудандық емдеу-алдын алу мекемесінің психиатриялық кабинетінен мәліметтердің болуы қалалық, облыстық диспансерлерден анықтама беруді жоққа шығармайды, ал тұрғылықты жері ауысқан кезде көрсетілген кезеңде тұрғылықты жері бойынша барлық психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар беріледі).
- Дәрігер-сарапшы қысқа амбулаториялық қабылдау жағдайында кәсіби іріктеуді жүргізу кезінде куәландырылатын адамның денсаулығына (оның ішінде психикалық)баға беруге және қызметте (оның ішінде атыс қаруын алып жүру)жарамдылығы туралы негізделген сараптамалық қорытынды шығаруға тиіс.
Әдетте, қызметке орналасу кезінде азаматтар ауырған немесе бар ауруларды әдейі жасыруға тырысады.
Жоғарыда көрсетілген анықтамалар мен үзінділер бойынша алынған мәліметтер (денсаулық жағдайы, өтініштер және ауырған аурулар, мүгедектіктің болуы/болмауы, Д-есепке алу, бұдан әрі – мәліметтер) ӘДК дәрігерлерін жекелеген аурулардың болуын (болмауын) және функционалдық бұзушылықтардың даму дәрежесін нақтылау мақсатында қажетті қосымша тексерулерге бағыттайды.
Осы мақсатта аурудың дамуын (нашарлауын, жақсаруын) және тиісті функционалдық бұзушылықтарды неғұрлым толық бағалау үшін ең аз жеткілікті бақылау кезеңі үшін мәліметтер сұратылады.
- Д-есеп бойынша мәліметтер, псих-, нарко-, тубдиспансерлердің емханаларда «диспансерлік науқастардың электрондық реестрінде» қалыптастырылады және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал)арқылы қолжетімді болады.
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңның 7-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес электрондық құжат оның қағаз нұсқасына тең. Қағаз және электрондық нұсқалардың ұқсас «теңдігі» кейбір құжаттарды қараған жағдайда күмәнсіз (мысалы, жеке куәлік, туу туралы куәлік, жүргізуші куәлігі және т.б.).
Біз қарайтын жағдайда электрондық анықтамалардағы мәліметтер (тек Д-есеп туралы) және қағаз анықтамалардағы мәліметтер (Д-есептен басқа неғұрлым толық ақпарат) мынадай себептер бойынша бірдей емес.
Біріншіден, сұрау салу жағдайында Портал сұрау салуды қалыптастыру сәтіндегі жағдай бойынша ақпаратты ғана береді және соңғы 5 жылдағы Д-есепке алу туралы ақпаратты көрсетпейді (егер тұлға сұрау салу сәтіне дейін Д-есептен шығарылған болса). Бұл қажетті уақыт кезеңіндегі пациент туралы мәліметтердің шынайы көрінісін көрсетпейді.
Екіншіден, Порталда Д-есебі көзделмеген, бірақ қызметке жарамсыз деп тану үшін негіз болуы мүмкін аурулар бойынша ақпарат жоқ.
Мұндай аурулар туралы мәліметтер тек медициналық мекемелерінен (бұдан әрі – ММ) алынуы мүмкін.
Үшіншіден, Портал мүгедектіктің болуы (болмауы) туралы мәліметтерді қамтымайды (соңғы 5 жыл ішінде мүгедектікті алу/алып тастау жағдайлары бойынша).
Практикада мүгедектіктің болуы тиісті патология бойынша Д-есепте болу фактісімен әрдайым қатар жүрмейді. Мысалы, ӘДК тәжірибесінде Д-есебінде болмаған жағдайда мүгедектік фактісін жасыру (жүрекке эндоваскулярлық отадан кейін) жағдайлары бар.
«МОДБ» АЖЖ («Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) Порталмен және өзге де медициналық ақпараттық жүйелермен біріктірілмеген. Мұндай мәліметтерді тек ММ алуға болады.
Төртіншіден, Д-есептен шығару ағзаның бұзылған функцияларын толық емдеуді және қалпына келтіруді білдірмейді.
Мысалы, жедел емдеуден (туберкулез, ісік кезіндегі ағзаның бір бөлігін жою), тұрақты компенсация немесе психикалық аурулардың ремиссиясынан, эпилепсиядан және т.б. кейін Д-есептен шығаруға болады.
Д-есепке алуға жататын аурулардың тізбесі, есепке алу және есептен шығару тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің (бұдан әрі – ДСМ) бұйрықтарымен бекітілген
– «Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № KV ДСМ-109/2020;
– 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 «Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын, бақылау мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігін бекіту туралы» (бұдан әрі – ДСМ № 149 бұйрығы);
– 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» (бұдан әрі – ДСМ № 203 бұйрығы).
ДСМ № 149 бұйрығының 39-тармағына сәйкес бекітілген орнын ауыстыру немесе пациенттің жазбаша бас тартуы Д-есептен шығару үшін негіз болып табылады.
- Осылайша, Порталдан алынған анықтамалар құрамында:
1) Порталдан сұрау салуды жасау сәтінің алдындағы барлық 5 жылдық кезеңдегі Д-есеп туралы ақпарат;
2) Д-есепке алуға жатпайтын денсаулық жағдайы, өтініштері және ауырған аурулары туралы ақпаратты;
3) мүгедектікті алу/алып тастау жағдайларының болуы/болмауы туралы ақпарат жоқ.
4) Д-есептен шығарылғаннан кейін сақталатын аурулар туралы ақпарат.
Баяндалғанды ескере отырып, Порталдан алынған анықтамаларда қажетті толыққанды ақпарат қамтылмайды.
- Осыған байланысты қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді толыққанды орындауға қабілетті ІІО жеке құрамын жинақтау мақсатында кандидаттардан соңғы 5 жыл ішінде тұратын (бақылау, бекіту)жері бойынша тікелей ЕАМ алынған мәліметтер сұратылады (қағаз түрінде).
Сонымен қатар, жекелеген ММ азаматтарға көрсетілген мәліметтерді (соңғы 5 жылда қағаз түрінде) Порталдан мәліметтерді өз бетінше алу мүмкіндігіне сілтеме жасай отырып беруден бас тартты. Қазіргі уақытта, ІІМ ДСМ-не бірнеше рет жүгінгеннен кейін осы мәселе шешілді.
- Тұрғылықты жерiн ауыстыру кезiнде бiрнеше психикалық, нарко диспансерлерiнен анықтама сұраудың заңдылығы туралы сұрау салу бөлiгiнде.
Әскери-дәрігерлік психиатриялық сараптаманың негізгі міндеттері психикасы немесе мінез-құлқы бұзылыстардан зардап шегетін адамдарды ішкі істер органдарына қызметке жібермеу болып табылады.
Тұрғылықты жерiн ауыстырған жағдайда азамат соңғы бес жылда тұрған барлық психоневрологиялық диспансерлерден мәлiметтер сұрату қажет, өйткенi қажеттi мәлiметтердi сұрату бiр диспансерден алынған мәлiметтердiң формальды талаптарын сақтауға жатпауы тиiс.
Баяндалғанға байланысты, осы кезеңде құқық қорғау органдарына қызметке кандидаттар ұсынатын анықтамаларды (өтініш беру, аурулар, мүгедектік, соңғы 5 жыл ішіндегі Д-есепке алу туралы) Порталдан алынатын (сұрау салу кезіндегі Д-есепке алудағы жай-күйі туралы) электрондық нұсқаға ауыстыру олардың тең мағыналы еместігіне байланысты орынсыз.
ІІМ «соңғы 5 жылда жүгіну, аурулар, мүгедектік, Д-бақылаудағы жағдайы туралы мәліметтер алу» мемлекеттік қызметінің қосымша стандартын енгізуді ұсынды.
Қазақстан Республикасының ДСМ «өтiнiш, аурулар, мүгедектiк, соңғы 5 жылдағы Д-бақылаудағы жай-күйi туралы мәлiметтер алу» мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қосымша стандартын құрған жағдайда IIМ тиiстi анықтамалардың электрондық форматына көшуге дайын.
Қазақстан Республикасы ІІМ Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы
ПДФ файлды жүктеу