Қызылордада “Аулада қабылдау” акциясы барысында өзекті мәселелер талқыланды
Қызылорда қаласының бас полицейі “Аулада қабылдау” акциясы аясында жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі қабылдау бұрынғыдан өзгерек. Олай дейтініміз Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы Қасанов Айдар “Аулада қабылдау” акциясы аясында Өсербаев көшесінің тұрғындарымен еркін әрі ашық байланыс орнату мақсатында аулада қабылдау өткізді.
Өздеріңізге мәлім, Өсербаев көшесі бірнеше жылдан бері қала тұрғындарының наразылығына ұшыраған аймақ. Басқарма бастығы бұл түйінді мәселені қолға алып, тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатқандығын атап өтті.
Айта кетерлік жайт, жиын барысында кей тұрғындар бұл бағытта атқарылу қажет мәселелер жайлы ұсыныс-пікірлерін білдіріп,қалыпты күн көруіне кері ықпал ететін факторларды сөз етсе, кей тұрғындар аталған аумақтағы бұл мәселе біршама өзгеріп, жергілікті полиция қызметкерлері мен басқа да құзырлы орган тарапынан атқарылып жатырған жұмыстардың нәтижесінде жағдай түзеліп келе жатқандығын атап өтті. Ал, полиция қызметі мұнымен тоқтап қалмайтынын, тұрақты түрде күшейтілген жүйеде жұмыстар жүргізіле беретінін жеткізді.
Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың басым көпшілігі аулада бейнекамера орнату, көліктерді дұрыс тұраққа орналастыру заңдылығы, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мәселелер және жаяу жүргіншіге арналған жаяу жүргіншілер жолағын жаңарту,жалға берілетін пәтер агенттік иелерінің дұрыс жүйеде қызмет атқару керектігін айтты.
– “Аулада қабылдау” акциясы аясында тұрғындармен кездесіп, олардың ұсынып-пікірлерін мұқият тыңдадым. Полиция қызметкерлерінің жұмысына алғыс айтқандар да баршылық. Президентіміз Қ.Тоқаев айтқандай полицияның міндеті – қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу, халықпен бірге болып, мінсіз қызмет атқару және әрқашан қолжетімді полиция қалыптастыру, – деп сөзін қорытындылады басқарма бастығы.
Естеріңізге сала кетейік, аталған акция 30 наурызға дейін жалғасатындығын хабарлаймыз.