Павлодарда полиция түнгі уақытта шу шығарған жасөспірімдерді анықтады
Павлодар облысында полиция түнгі уақытта шу шығарған жасөспірімдерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күн сайын ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қатысуымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізеді. Тек бір түнде белгіленбеген жерлерде кальян қолданудың екі фактісі тоқтатылды.
Құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Академик Сәтбаев көшесінде дүкенде ата-анасының еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болған кәмелетке толмаған бала тоқтатылды. Сондай-ақ сағат 01:00 шамасында полицияға пәтерлердің бірінде үйде шу шығарғаны, музыка қатты ойнағаны туралы қоңырау түсті. Шақыруға келген полиция қызметкерлері бірнеше кәмелетке толмағандар пәтер жалдап, сол жерде досының туған күнін атап өткенін анықтады. Алкогольді ішімдіктерді ішіп, көңіл көтеріп, аулаға шығып шу шағарған. Жеткізілгендер арасында колледж студенттері және мектеп оқушылары болды.
– 18 жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін ата-аналарына қатысты тиісті айыппұл салумен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болғаны үшін ата-анасы жауапқа тартылды, – дейді Павлодар қаласы Солтүстік ПБ ювеналды полицияның аға инспекторы Ирина Емцова.