ШҚО-да полицейлер діни бірлестіктердің басшыларымен кездесті
ШҚО-да полицейлер діни бірлестіктердің басшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтың бас тәртіп сақшысы мен клуб қатысушылары отбасылық-тұрмыстық қатынастар, алкоголь мен есірткіні пайдалану, балалар суициді және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Кездесуге 15-тен астам діни бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ШҚО дін істері басқармасының басшылығы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдар мен конфессиялар араындағы диалогты дамытып, азаматтарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін дінаралық келісім мен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
– Сіз қоғамда ерекше сенім мен құрмет мәртебесіне ие рухани тәлімгерлер ретінде өз қауымдарыңызға әсер ете аласыз, олардың құқықтық нормаларды түсінуін нығайта аласыз, олардың маңыздылығын өз сөзіңізбен жеткізе аласыз, сондай-ақ назар аударуды қажет ететін жағдайларға жауап бере аласыз, өйткені олардың көпшілігі интернет пен әлеуметтік желілерді пайдаланбайды және жеке әңгімелесу арқылы сіздерге сенеді, – деді ПД бастығы.
ПД бастығы алаяқтықпен қарсы күреске баса назар аударып, бұл мәселеде ең осал адамдар – зейнеткерлер екеніне сендірді. Бұл ретте, қаскөйлер тосын факторды, егде жастағы адамдардың психоэмоционалды жағдайын, сонымен қатар заманауи жоғары технологиялардың мүмкіндіктерін, жасанды интеллект, дауысты ауыстыру бағдарламаларын және SIM карталарын бұзуды шебер қолданады.
– Қазір біздің басты мақсатымыз – халыққа алданбау жолдары туралы барынша ақпараттандыру. Біздің қызметкерлер алаяқтардың қармағына қалай түспеу керектігін айту үшін әр пәтерге, әр үйге барады. Мысалы, жұма күні жұма намазы кезінде Халифа Алтай мешітінде осындай түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сіздердің жиналыстарыңызда да осындай шаралар ұйымдастыруға болады және бұл оң нәтиже беретініне сенімдімін, – деп атап өтті спикер.
Кездесу барысында алаяқтардың өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін интернет мүмкіндіктерін оңтайлы пайдаланатын әдістері мен тәсілдері туралы айтылды, айтылған проблемалардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Тәртіп сақшылары діни ғимараттардағы профилактикалық әңгімелер мен кездесулер біздің қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністеріне төзбеушілік, алкогольді, есірткіні шамадан тыс пайдалану және басқа да отбасылық құндылықтарды нығайту қағидатын қалыптастыруға көмектесетініне сенімді.