Абай облысында ер адам колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болды
Абай облысы ПД ҚАЖД-ға қарасты №20 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған затты колония аумағына лақтырмақ болған заң бұзушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгісіз ер адам ұялы телефон мен SIM картаны сотталғандар жатқан колония аумағына лақтырмақ болған. Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №20 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттардың колония аумағына лақтыруына жол бермеді. Заң бұзушы оқиға орнында ұсталды. Тыйым салынған заттарды, скотчпен оралған ораманы лақтыруға тырысқан 50 жастағы Семей тұрғынынан телефон мен керек-жарақтар, атап айтқанда сымсыз және сымды құлаққаптар, қуаттандыру блогы және USB SIM картасының сымы табылып, тәркіленді.
Әңгіме барысында семейлік азамат бейтаныс адамдар осы заттарды лақтыруын өтінгенін мойындады.
– Қазіргі уақытта заң бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды, – дейді жедел уәкіл Ерасыл Серікқан.