Жетісуда биыл жол-көлік апатынан қаза болғандар саны азайған
Жыл басынан бері Жетісу облысында жол-көлік оқиғалары салдарынан 17 адам қаза тапты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға төмен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың үш айында 62 ЖКО тіркеліп, онда 110 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
–Жолдарда өлім санын азайту мақсатында жүргізушілер мәдениетінің деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар мен құралдарды белсенді пайдалану қажет. Өткен жылы өңір полициясымен «Ekin Patrol» панорамалық бейнетіркеу мен көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын анықтаудың үш мамандандырылған жылжымалы аппараттық-бағдарламалық кешені алынды. Бұл кешен қызметтік автокөлікке орнатылады. Оған тоғыз бейнебақылау камерасы орнатылған, оныншы камера көлік салонында орналасқан. Ағымдағы жылы тағы бес АБК бірлігін сатып алуды жоспарлап отырмыз, – дейді Жетісу облысы ПД ППБ командирі Мәди Арғынбаев.
«Ekin Patrol» бейнетіркеуді жүзеге асырып және қоршаған орта жағдайы туралы алынған деректерді жоғары сапада сақтайды, көлік құралдарының нөмірлік белгілерін панорамалық тану және тіркеуді жүзеге асырады. Алдыңғы жағына түсетін көлік құралдарының қозғалу бағыты мен жылдамдығын бес жолаққа дейінгі секторда анықтайды,. Дәлелдеу базасын қоса отырып, анықталған бұзушылық бойынша деректер пакетін қалыптастырады және автоматты түрде ҚР бас прокуратурасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің процессинг орталығы» ақпараттық жүйесіне жібереді. Пайдалануға берілгеннен бері осы автопатрульдер 2157 құқық бұзушылықты анықтап, 35 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
– Ұшу аппараттары – дрондарды пайдаланудың нәтижелілігін де атап өту қажет. Бүгінгі күні автожолдардың апаттық-қауіпті учаскелерін патрульдеу кезінде полицейлер үш дронды пайдаланады. Олар құқық бұзушылардың қарсы қозғалыс жолағына шығуын, әсіресе Алматы – Өскемен республикалық тасжолында апаттық жағдай туындауына жол берілген жағдайларын тіркейді. Жыл басынан бері өңірдің автожолдарында ұшатын дрон аппараттарымен 59 заң бұзушылық тіркелді, – деп толықтырды Мәди Арғынбаев.