Ұлытау полицейлері жастармен жалған терроризм туралы әңгімелесті
Ұлытау облысының полициясы “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау” және «Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыптары бойынша Жезқазған қаласының студенттерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жалған терроризм бұл – жай бұзақылық емес, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын қауіпті қылмыс. Әрбір жалған қоңырау немесе хабарлама бейбіт тұрғындар арасында үрей тудырып, маңызды кәсіпорындардың жұмысының тоқтауына себеп болады. Осындай “орынсыз қалжың” үшін қандай жаза қарастырылатындығы кездесу барысында айтылды.
– Әртүрлі деструктивті топтарда балалар белгісіз адамдардың ықпалына түсіп, өздерінің жеке деректерін, телефон нөмірлерін, электрондық жәшіктердің мекенжайларын беріп қояды. Ал олар өз кезегінде балалардың атынан көрінеу жалған хабарламаларды жібере бастайды. Бұл қылмыс түрі үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Сонымен қатар, сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтеледі. Егер мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған жағдайда залалды өтеу оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі, – дейді жедел уәкіл Бақыт Серікжанұлы.
Сонымен қатар, полицейлер ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке толмағандарға жыныстық, эмоционалды және физиологиялық зорлық-зомбылық көрсетулері проблемаға айналып отырғандығын айтты. Ювеналды полиция инспекторлары балалар мен жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан және қатігездіктен қорғау, оларға қатысты қылмыстың алдын алу шешімі тәртіп аралық сипатты иеленетін маңызды, әлеуметтік мәні бар және өзекті мәселелердің бірі болып табылатындығын және жәбірленудің түрлерін атап көрсетті.
Әңгімелесудің соңы сұрақ-жауап түрінде жалғасын тапты.