Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғандық полицейлер 8 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Жетісу облысы Талдықорған қаласының полицейлері жыл басынан бері 8283 әкімшілік құқық бұзушылық фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЖКО фактілерінің жиі тіркелуіне байланысты Талдықорған полицейлері ҚР ЖЖЕ бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібінің деңгейін көтеру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларды жандандырды.

– Профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде полицейлер жаяу жүргіншілердің белгіленген орындарда жолдан қауіпсіз өтуіне басты назар аударады. ЖПІШ өткізілген екі күн ішінде жолдан өту ережелерін бұзғаны үшін 112 адам жауапкершілікке тартылды, олар қауіпсіздік шараларын елемей, жолдың белгіленбеген жерлерінен өткен, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары Құмар Смаилов.

«Қауіпсіз жол» іс-шарасының алғашқы күндерінің қорытындысы бойынша облыс орталығының аумағында 309 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін – 5, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 4, көлікті басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін – 5, жылдамдық режимін асырғаны үшін – 37 құқық бұзушылық бар. Жол жүру ережелерін өрескел бұзғаны үшін төрт автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

– Азаматтардың құқықтық сауаттылығын, атап айтқанда жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көлік тәртібі деңгейін арттыру мақсатында қала тұрғындарына тақырыптық жадынамалар мен буклеттер таратылды, – деп толықтырды Қ.Смаилов.

Жыл басынан бері Талдықорған полицейлері жол жүру ережелерін бұзғаны үшін барлығы 8283 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. 25 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 46 адам түрлі дене жарақатын алды, оның ішінде 15-і балалар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру