Қызылорда полицейлері көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр
Қызылорда полицейлері көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар М-32 Самара – Шымкент автомобиль жолының 1240-1357 шақырымы аралығында (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) барлық көліктің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері 500-ге жуық жүк және жеңіл көліктердің жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жолаушылар аудан аумағында орналасқан кешендерге орналасып жатыр.
– Қазіргі уақытта біздің қызметкерлеріміз ел арасынан табылып, көмек көрсетіп жатыр. Олар облыс аумағында тұрып қалған көлік жүргізушілері мен жолаушыларына қажетті көмек беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Патрульдік полицейлер осындай жағдайларда қандай әрекет жасау керек екендігін біледі. Біз қызметкерлерімізді кез келген жағдайларға дайын болуға үйретеміз. Үнемі азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Себебі ең бастысы – халықтың өзін қауіпсіз сезінуі, – дейді Қызылорда облысы ПД бастығы Махсудхан Аблазимов.