Павлодарда дәмханалардың бірінде заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды
Павлодар қаласындағы дәмханалардың бірінде заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында көші-қон қызметінің қызметкерлері Қырғызстан Республикасының екі азаматын анықтады, олар дәмханалардың бірінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған.
– Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жіберілді, сот екеуіне де 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Сонымен қатар елдің заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқан қабылдаушы тарап та жазаға тартылды. Дәмхана иесіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп мәлімет берді Павлодар облысының полиция департаменті.
Полиция департаменті азаматтарды заңнаманы сақтауға шақырады және тиісті рұқсатсыз келген шетелдіктерді бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін тек Павлодар облысының өзінде 356 шетелдік жауапқа тартылды.