Қазақстан ІІМ басшысы ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесті
Астанада Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяо, Қазақстан ІІМ және Қытайдың ҚҚМ жекелеген қызмет басшылары қатысты.
Кездесуге қатысушылар қызметтің көптеген бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың оң нәтижелерін атап өтті, трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылдың басым мәселелерін талқылады.
Кездесу аясында министрлер Меморандумға қол қойды. Тараптар серіктестікті нығайтуға және екі ел полициясының оң тәжірибесімен алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.