Астана полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады
Астана полицейлері іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елордалық полиция қызметкерлері қала аумағында мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.
Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы Алмазар ауданынының тұрғыны 45 жастағы ер адам алаяқтық үшін іздеуде болған. Оның бұрын ұрлық пен тонау үшін сотталғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласының ПД-да уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.