Биыл Жетісу облысында 400-ге жуық құқық бұзушы арнайы қабылдау орнына орналастырылды
Биыл Жетісу облысында 400-ге жуық құқық бұзушы арнайы қабылдау орнына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Жетісу полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, әкімшілік тәртіппен қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнына 386 құқық бұзушы қамауға алды.
– Жүргізілген талдауға сәйкес, қамауға алынғандардың басым бөлігі – көлік құралын мас күйінде басқарғандар және жанжалқойлар, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасаған тұлғалар, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ АӘҚО бастығы Айбек Мусагиев.
Құқық бұзушылықтардың жасалуының негізгі себебі көлік құралын басқаруда да, қоғамдық орындарда да, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында да алкогольдік ішімдіктерді пайдалану.
– Құрметті облыс орталығының азаматтары, сіздерден ҚР заңнамасын бұзбауды, жол ережелерін, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауды және отбасылық жанжалдарға жол бермеулеріңізді сұраймыз, – деп атап өтті А. Мусагиев.