30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Павлодарда ұсталды
Екі күнде Павлодар облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында зорлық жасаған ер адам облыс орталығында ұсталды.
Ресей Федерациясының Тюмень қаласында біздің қаламызда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған күдікті құрықталды, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.