СҚО жолдарында 16 мас жүргізуші ұсталды
26-28 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында мас 16 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жолдағы тексеру “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында күшейтілді. Сондай-ақ ЖҚЕ-ні өрескел бұзу, жылдамдықты арттырудың 111 және жол қиылысы ережелерін бұзудың 17 фактісі анықталды.
Ал Уәлиханов ауданында 41 жастағы тұрғының Mitsubishi Pajero sport автокөлігін тексеру кезінде көлігінен 12 калибрлі 2 патрон табылды. Оның айтуынша, ол аңшылықтан кейін оқ-дәрілерді алып тастауды ұмытып кеткен. Оған қатысты азаматтық қару айналымы ережелерін бұзу фактісі бойынша хаттама толтырылды. Жалпы, 3 күннің ішінде облыста 2 бірлік тіркелмеген тегіс ұңғылы қару мен 17 бірлік оқ-дәрі тәркіленді.
– Бұдан басқа, барлық жұмыс желісі күшейтілді, қызметкерлер 2 мыңнан астам есепке алынған адамдарды тексеріп, жалдамалы пәтерлерді, қараусыз қалған үйлерді аралады. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді міндеттер қарастырылып жатыр. 848 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.