Қызылордада жаяу жүргіншілерге жол бермеген 1330 жүргізуші анықталды
Қызылордада жаяу жүргіншілерге жол бермеген 1330 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.
Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлері жаяу жүргіншіге жол бермеген 1330 жүргізуші жауапқа тартылды. Аталған жаяу жүргіншілер Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 600-бабының 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылды.
Осы ретте, тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер мен көлік тізгіндеген жүргізушілерге жол үстінде өз өмірін қатерге тікпеуге және тиісті ережелер мен сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.