Алматы облысының полициясы телеарна басшылығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Алматы облысының полициясы телеарна басшылығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2024 жылдың 4 айында облыста табиғатты қорғау заңнамасына қатысты 848 құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды. Осыған байланысты, Алматы облысының полиция департаменті мен “Тұран-ТВ” телеарнасы арасында заңнамалық актілерді насихаттау және табиғатты қорғау іс-шараларын жариялау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа қол қою облыстық полиция ведомствосының базасында Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов пен “Тұран-ТВ” телеарнасы басшылығының, сондай-ақ департаменттің мүдделі қызметтерінің қатысуымен өтті.
Облыстың бас полицейі аталған меморандум аясында тәртіп сақшылары табиғи ресурстар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша көптеген жобаларды жүзеге асыра алатынын атап өтті. Сонымен қатар басты назар табиғатты қорғау заңнамасына қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға аударылмақ.
Аталған меморандум өңіріміздің табиғи және мәдени байлығына қатысты халықтың мәдени деңгейін арттыруға және оның негізінде күш біріктіруге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, меморандумның мақсаты құқық бұзушыларды жазалау емес, құқық бұзушылықтардың осы түрлерінің алдын алу.