Қарағандылық тергеуші джиу-джитсуден Азия чемпионатында алтын алқа алды
Қарағандылық тергеуші Абу-Дабидағы джиу-джитсуден Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абу-даби қаласында джиу-джитсуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөлімі, тергеу бөлімшесінің тергеушісі Аян Әмзе алтын медальға ие болды.
Аян – спортпен осыдан алты жыл бұрын мектеп оқып жүргенде айналыса бастаған. Ал, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында оқып жүргенде джиу-джитсумен айналысып, жетістіктерге жете бастаған.