Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында балалардың бос уақытын тиімді қамту жоспарланды

Жамбыл облысында жазғы каникул кезеңінде 136,5 мыңнан астам баланың бос уақытын тиімді пайдалануы қамтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаздың басталуымен білім беру мекемелерінде демалыс басталады. Осы кезеңде ата-аналардың өз күш-жігерін балаларының қызығушылықтары бойынша тиімді демалысқа тартуға бағыттауы өте маңызды.

Балалар мен жасөспірімдер үшін демалысты ұйымдастыру – бұл оқушылардың, демалуы және жеке дамуы үшін жағдай жасау, әртүрлі демалыс нысандарын қамти отырып, кәмелетке толмағандардың қауіпсіз және сапалы демалуын және сауығуын қамтамасыз ету.

Жазғы каникул кезеңінде қала сыртындағы лагерьлерде 7,5 мыңға жуық оқушы және білім беру мекемелерінде жұмыспен қамтыла отырып 129 мың баланың бос уақытын тиімді қамту жоспарланған. Сондай-ақ оң демалысқа ІІО-да есепте тұрған 128 оқушы және 311 тұрмысы нашар отбасылардың балалары тартылды.

Полиция қызметкерлері қоғамдық және демалыс орындарында, су айдындарында, демалыс лагерьлерінде балалардың мінез-құлық ережелері, сондай-ақ балалар жарақаттануының алдын алу бойынша нұсқаулықтар әзірлеп, білім беру ұйымдарына жолданды.

Жазғы демалыс қарсаңында бұл ақпарат оқушылар мен олардың ата-аналарының назарына жеткізіледі. Жазғы каникул кезеңінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер ТЖД және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлерімен бірлесіп жаппай жазғы демалыс орындарында бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізетін болады. Табиғатқа экскурсиялар, өзендер мен су айдындарына шығу кезінде демалушы оқушыларға барынша көңіл бөлінді.

– Әрқашанда баланың демалысының дұрыс ұйымдастырылуы – бұл заңсыз ортадан қорғайтын «қауіпсіздік шеңбер» сияқты. Егер ата-аналар балаларын тәрбиелеуге белсенді қатыспаса, олардың бос уақытына қызығушылық танытпаса, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары қолданылмайды. Осыған байланысты отбасының қоғамдағы және саналы ата-ана рөлін көтеру қажет, – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.⠀

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру