Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы өзгенің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады

Алматы полициясы өзгенің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы тұрғынының көлігін өртеп жіберген азамат ұсталды. Ол анонимді тапсырыс берушінің айтқанын ақша үшін орындағанын мойындады.

– Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегіне қатысты қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың және тапсырыс берушінің жеке басын, сонымен қатар оның себебін анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру