Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ПД бастығы есеп беру кездесуін онлайн форматта өткізді

Абай облысы ПД бастығы есеп беру кездесуін онлайн форматта өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция басшысы 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызмет жұмысының қорытындылары туралы хабарлады. Жұмыс тобына облыс ПД қызметтерінің бірінші басшылары да қатысты.

Бектөре Сұлтан бүгінгі таңда қоғам қауіпсіздігінің жаһандық проблемасы киберқылмыс екенін атап өтті. Қылмыстың осы түріне қарсы тұру үшін полиция департаментінде киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі арнайы топ құрылды, оның қызметкерлері цифрлық технологиялар саласындағы білімдерін тұрақты негізде арттырып отырады. Сонымен бірге, ол полиция зардап шеккен тарапқа ақшаны қайтара алған кезде азаматтардың уақытылы жүгінуінің бірнеше мысалын келтірді.

– Бір мысал келтіргім келеді. Бізге Н. азаматы жүгініп оның шотынан 700 мың теңгеден астам қаражат аударылғаны туралы айтты. Біз уақытында әрекет етіп, шоттарды бұғаттау бойынша шаралар қабылдадық, содан кейін ақша иесіне қайтарылды, – деп атап өтті ПД бастығы.

Жыл басынан бері алаяқтықтың 377 фактісі тіркелді. Технологиялар мен цифрлық сервистердің дамуы жағдайында азаматтардың шоттарынан ақша ұрлаумен байланысты қылмыстар басым. Оларды жасау тәсілдері өте алуан түрлі. Қылмыскерлер алдын ала төлем түрінде ақша алуға немесе онлайн-тапсырыстарды рәсімдеуге, банктік шоттарға, электрондық поштаға, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға және т. б. қол жеткізу үшін азаматтардың жеке деректерін иемденуге бағытталған әлеуметтік инженерия әдістерін қолданады. Ұрланған ақша халықаралық аударым қызметтері арқылы алынады немесе криптовалютаға аударылады, сонымен қатар көп таралған алаяқтық түрі –  хакерлік бағдарламалар, олар сіздерге қоңырау шалушы нөмірін ауыстыруды жүзеге асырады, оның ішінде қоңырау шалушының дауысын бұрмалау. Сонымен бірге күн сайын жаңа қылмыстық схемалар ойлап табылуда.

ПД бастығы өз баяндамасын маңызды мәселе – банк қызметкерлері сағат 18:00-ден кейін немесе демалыс күндері қоңырау шалмайтынын атап өтті.

– Егер сізге банк қызметкерлері WhatsApp арқылы қоңырау шалса, дереу қалалық телефоннан қоңырау шалуды сұраңыз немесе оларға Call-орталыққа қайта қоңырау шалыңыз. Банк қызметкерлері мен полиция қызметкерлері ешқашан сіз алаяқтардың құрбаны болдыңыз, сізді несие алуға немесе басқа қауіпсіз шотқа ақша аударуға, SMS-код жазуға немесе қосымшаны жүктеуге сендіріп қоңырау шалмайды. Қарапайым болып көрінуі мүмкін негізгі ереже, бірақ бұл ең маңыздысы – жеке деректер мен ақшаны бөгде адамдарға бермеңіз, – деді бас полиция қызметкері.

Сондай-ақ, онлайн-есеп барысында департамент бастығы есірткі қылмыстарына қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары туралы айтып берді. Тікелей эфир барысында пайдаланушылардан түрлі салаларға қатысты бірқатар сұрақтар келіп түсті. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру