Шымкент полицейлері жоғалған қызды тауып, анасына қайтарды
Шымкент полицейлері жоғалған қызды тауып, анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға жергілікті тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Оның айтуынша, 5 жасар қыз би үйірмесіндегі сабағынан шығып, белгісіз бағытқа кеткен.
Тәртіп сақшылары қыздың жүрген жерін анықтау үшін жақын маңдағы барлық аумақты аралап, оны көруі мүмкін адамдардан сұрастырды. Іздеу шараларының нәтижесінде патрульдік инспекторлар жарты сағат ішінде қызды тамақтану орындарының бірінен тауып, анасына аман-есен қайтарып берді.
Өз кезегінде, азаматша полицейлерге жедел әрекеттері мен өзгенің қиын мәселесіне бей-жай қарамағаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.