Павлодар облысы ПД басшылығы 360 адамды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады
Павлодар облысы ПД басшылығы жыл басынан бері 360 адамды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өтініштердің ауқымы әртүрлі – қылмыстық істерді, соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлауды, алаяқтықты тергеуден бастап жол жүру қауіпсіздігіне және полиция қызметкерлерінің қызметіне дейінгі мәселелер.
– Азаматтардың өтініштерінің әрқайсысы ПД бастығының жеке бақылауына алынды. Аталған мәселелер бойынша ведомство басшысы бөлімше басшыларына белгіленген мерзімде мұқият тексерулер жүргізуді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келушілердің нәтижелері туралы міндетті түрде хабарлауды тапсырды,- дейді Павлодар облысының ПД.
Өтініштерді қабылдау, проблемаларға ден қою, кеңестер беру – бұл жұмысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде полицейлер үнемі жүргізіп отырады.
Полиция департаментінің фронт-офисіне күн сайын 25-ке жуық азамат жүгінеді. Мұнда азаматтарға өз мәселелерін тез және жедел шешуге мүмкіндік беріледі. Павлодар облысының полиция департаменті 8 (718-2) 39-12-94 телефоны бойынша облыстық полиция басшыларына азаматтарды қабылдауға жазылуға болатынын еске салады.
Аумақтық бөлімшелер басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі полицияның әкімшілік ғимараттарының фойесінде орналастырылған.