Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ПД тергеушілеріне әйелдер мен балаларды қорғау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

Елордалық полиция департаментінің тергеушілеріне әйелдер мен балаларды қорғау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Право» қоғамдық қорының дағдарыс орталығында қалалық полиция департаментінің тергеушілеріне әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті. Семинарға «Заң» қорының директоры О.Рыль, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың судьясы Ж.Алпысбаева,  «Қорғау» жеке қорының директоры А.Рыль, Алматы ауданы прокурорының көмекшісі Д.Гутяр, психологтар және сот-медициналық сарапшылар қатысты.

Отырыс барысында кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауына қатысты қылмыстық істерді қарау, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және бекіту бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен полиция департаментінің өзара іс-қимылы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында туындайтын проблемалық мәселелер қаралды.

Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ сот-медициналық, сот-биологиялық, молекулалық-генетикалық және сот-психиатриялық сараптамаларды тағайындау және жүргізу ерекшеліктері де қозғалды. Сонымен қатар тергеушілердің прокуратурамен, сотпен және сарапшылармен өзара іс-қимылы кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.

Семинар соңында сексуалдық сипаттағы қылмыс туралы арыз түскен кезде қылмыстық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесу алгоритмін практикалық тексеруден өткізілді.
Бұл іс-шара қалалық тергеу органдарының қызметін жақсартуға ықпалын тигізіп, қол қойылған әйелдерді қорғау және балалардың қауіпсіздігі туралы Заңды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстарғада көмектеспек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру