Атырауда біржолақты жолды кесіп өткен 42 жүргізуші 6 айға көлік басқару құқығынан айырылды
Атырауда біржолақты жолды кесіп өткен 42 жүргізуші 6 айға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Біржолақты жолда көлікті басып озғандарға жаза қатаңдатылды. 6 мамыр күні жол қозғалысына енген жаңа ережеге сәйкес енді бір жолақты жолда көлікті басып озғандар жарты жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады.
Бір жолақты жол дегеніміз – сіздің және қарама-қарсы бағытта жүретін көліктің жолы. Басып озуға тиым салынған жолақтар тасжолдардың қауіпті аймақтарында сызылған. Осы сәтте сіздің алдыңызда келе жатқан көлікті озып кетуге болмайды. Мұндай құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырыласыз.
Заң күшіне енгеннен бастап, Атырау облысында құқық бұзған 42 жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды.