Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция тұрғынның скутерін ұрлап кеткен күдіктіні ұстады

Елордада полиция тұрғынның скутерін ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, белгісіз біреу оның аулада тұрған скутерін алып кеткені туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы полиция бөлімі қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 19 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында жігіттің кешкі уақытта Күмісбеков көшесінде аулада кетіп бара жатып, өзінің бірнеше ай бұрын сатып жіберген бұрынғы скутерін байқағаны белгілі болды. Қылмыстық пиғылмен көлікке келіп, жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, ол ZHWEKI скутерін сүйреп алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 400 мың теңгеге бағалануда.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жігіт мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдеме тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру