Алматы облысының полицейлеріне психологтар лудоманияның алдын алу туралы дәріс өтті
Алматы облысы полиция департаментінің психологтары кәсіби қызметтік дайындық сабақтары аясында лудомания мәселесі бойынша дәріс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы ойынға тәуелділікті қазіргі заманның ауқымды проблемасы ретінде бірнеше рет атап өтті.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құмар ойындарға қатысу фактілерінің бар екендігін атап, жеке құрам арасында алдын алу қажеттілігі туралы айтылды.
– Нашақорлық пен алкоголизмге қарағанда лудоманияның денсаулыққа еш зияны жоқ. Бұл эмоцияларға тәуелділік, көбінесе бала тәрбиесіне ер адаманың қатысуының болмауынан туындаған жауапкершілік сезімінің жетіспеушілігіне әкеледі. Осыған байланысты ойынқұмар жалған тәуелсіздік сезімін сезінеді. Егер туыстары ойынқұмардың қаржылық жағынан қолдап, қарыздарын өтесе, ойынға деген тәуелділік күшейеді. Сонымен қатар лудомания отбасының шырқы бұзады, кейде тіпті суицидке әкеледі, – деп атап өтті облыстық тәрбие және кадр жұмысы басқармасының аға инспектор-психологы Алина Атабаева.
Дәрістерде мәселенің өзі және оның салдары туралы айтылды. Алдын алу мәселелеріне басты назар аударылды.
– Әрекеттер үшін жауапкершілікті түсіну пайда болған кезде ғана емдеуді бастауға болады. Құмар ойындарға әуестік жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады, сондықтан полиция қызметкерлерінің жеке құрамы арасында толығымен жойылуы тиіс. Алдын алу профилактикасы бұдан әрі де жүйелі негізде жүргізілетін болады, – деп толықтырды А. Атабаева.
Кездесуде полицейлер көптеген пайдалы ақпарат алып, лудомания тақырыбын талқылауға белсене қатысты. Сабақтар аясында жасырын құмар ойыншыларды анықтау үшін бөліністер ұжымдарына анонимді сауалнамалар жүргізілді. Зерттеулер теріс нәтиже көрсетті.