Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған қос жүргізуші ұсталды
Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған қос жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында мемлекеттік нөмір белгісінсіз, көлікке қызылды-көк жарықшамдар орналастырып жол ережесін сақтамай, көше бойында өзге көліктерге кедергі келтіріп, авариялық жағдай туғызған 2 бірдей көліктің бейнежазбасы анықталды.
Тексеру барысында құқық бұзушылық Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінің орталық көшелерінің бірінде болғаны анықталды. Lada-21705 көлігінің жүргізушісі мен Lada-2114 автокөлігінің иелері 21-22 жастағы жергілікті тұрғындары болып шықты.
Оларға қатысты жол ережесін өрескел бұзған бойынша әкімшілік іс қозғалып, жауапқа тартылып, автокөлік айыптұраққа жеткізілді. Жүргізушілер кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.