Павлодар облысында баласына 5 млн теңге алимент төлемеген әке қолға түсті
Павлодар облысында баласына 5 млн теңге алимент төлемеген әке қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Баланы асырауға ақшалай қаражатты төлемеу фактісі бойынша өтініш Шарбақты ауданының полициясына түсті. Ауыл тұрғыны ұлына алимент төлемейтін бұрынғы жұбайына шағым түсірді.
– Сот шешіміне қарамастан, ер адам 2015 жылдан бастап алимент төлеуден жасырынып, балалармен кездесуден аулақ болды. Ер адам қарыз сомасын өндіріп алу туралы сот шешімін одан әрі орындау үшін ұсталды, «ұмытшақ» ата-ана жеке сот орындаушысына берілді, – Павлодар облысы ПД хабарлайды.
Жыл басынан бері балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерді орындамаудың 30 фактісі тіркелді. Егер айыппұлдар немесе қамауға алу қолданылмаса, қылмыстық жауапкершілік туындайды. Балаға алимент төлеушілер жауапкершіліктен қанша жалтаруға тырысса да, балаларының алдындағы қарызын өтеуі керек.