Жетісу полицейлері бірнеше алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады
Жетісу облысының полицейлері бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Текелі полицейлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен алаяқтық жасағаны үшін күдікті жергілікті тұрғынды ұстады.
– Әйел өзін банк қызметкері ретінде таныстырып жүрген. Азаматтардың сеніміне кіре отырып, ол ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз бен өтеусіз мемлекеттік субсидия алуға көмек ұсынған. Қазіргі уақытта алаяқтың 13 құрбаны белгіленді, залалдың жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асты, іс материалдары сотқа жіберілді. Күдікті қамауға алынды, – деп атап өтті Текелі қаласы ПБ бастығының орынбасары Ернар Танатаров.
Өңір полициясы алдау әрекеттерінің жиілеуіне байланысты азаматтардан қырағы болуды және белгілі бір ақшалай сыйақы үшін субсидиялар, гранттар, кредиттер және өзге де қаражат алуға көмектесуге ниет білдірген күдікті адамдар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.
Есіңізде болсын, сіздердің әрқайсыларыңыз арнайы қор мен қаржы ұйымдарында қажетті қызметтерді алуда білікті кеңес пен көмек ала аласыз.