Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер жоғалған 10 жастағы жасөспірімді іздеп тапты

Қызылордада полицейлер жоғалған 10 жастағы жасөспірімді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада 10 жастағы жасөспірім үйінен “ойнауға кеттім” деп белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды.

Хабарлама келіп түскен сәттен бастап жасөспірімнің араласатын достары, қаланың көп қабатты үйлерінің шатырлары, ауладағы люктары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар тексеріліп, фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік батальон қызметкерлері қала аумағында жүрген жерінен жасөспірімді аман-есен тапты. Ювеналды полиция бөлімнің инспекторлары жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру