Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ата-ана, біліңіз!: Балалар қалай жасырын синтетика қоюшыға айналады

Жамбыл облысы полиция департаменті ата-аналарды жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын қадағалауға шақырады және оларды есірткі курьерлері ретінде жалдау қаупі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері жамбылдық полицейлер соңы өлімге апаратын қоспаларды сататын 201 сайтты анықтады. Дилерлер интернеттің көмегімен жасырын қойып кетушілер арқылы тікелей байланыссыз есірткіні беру әдісін орнатты. Олар тауарларды алып, белгіленген орынға қалдырады.

Дилерлер жұмысшы ретінде тез және оңай ақша тапқысы келетін жастарды таңдайды. Мұндай жұмысты жасауға қолайсыз отбасылардан шыққан балалармен қатар, сәтті отбасының балалары да келіседі. Соңғылар үшін бұл квест секілді ойынның немесе уақыт өткізудің бір түрі. Ал іс жүзінде барлығы ұзақ мерзімді түрмемен аяқталады.

5 айда облыста 12 есірткі қойып кетуші ұсталды, 1 келі 625 грамм синтетика тәркіленді. Ауқымын түсіну үшін – бұл шамамен 4500 бір реттік доза болып табылады.

– Жазғы демалыс кезінде оқушылар, студенттер мен қалаға қонаққа келген туыстар қиын емес жұмыс тауып, қосымша ақша тапқысы келеді. Ата-аналарды балалардың күмәнді немесе күрт өзгерген мінез-құлқына уақытында назар аударуға шақырамыз, – деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев тұрғындарға.

Ол белгілердің бірі – сіздің балаңыз кеш жүреді. Әдетте, синтетика қоюшылар күніне қаланың әр түкпірінде 15-20 жасырын орын қалдырады.

Есірткілерді қалдырудың ең көп таралған орындары – тұрғын үйлердің кіреберістері, орындықтар, электр қалқандары, ойын алаңдары мен гүлзарлар. Бұл орындардағы фотосуреттер «жұмыс берушіге» жіберу үшін есірткі қоюшылардың телефонында болу керек.

Мұны жүзеге асыруға арналған құрылғылар – бекіткіші бар пакеттер мен скотч. Сондай-ақ, оларда магниттер болады – оны тұтынушы өнімді кез-келген металл құрылымынан шешіп алу үшін қолданады.

Балаңызбен биткоин тақырыбында сөйлесіңіз. Көбінесе төлемді криптовалютада алады. Егер ақшаның қалай пайда болғанын айтуды қаламайтын немесе түсіндіре алмайтын болса, онда назар аудару қажет болады.

– Сондай-ақ есірткі қоюшылардың жасырын қорқынышы білдіріп тұрады. Олар өздерін әдеттегідей емес, тым асығыс немесе керісінше күмәнді баяу ұстайды. Өздерінің хоббиіне деген қызығушылықтарын жоғалтады, көбінесе агрессивтілік танытады. Сондықтан біз ата-аналардан балаларының мінез-құлқындағы өзгерістерді мұқият бақылауды сұраймыз, – деп қорытындылады Ә.Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру