Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері интернет-алаяқтардың несие ресімдеуін бұғаттауды тұрғындарға түсіндірді

СҚО полицейлері интернет-алаяқтардың несие ресімдеуін бұғаттауды тұрғындарға түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдағы халыққа қызмет көрсету орталығы полицейлердің түсіндіру жұмыстарының кезекті алаңына айналды. Тәртіп сақшылары прокурорлармен және ХҚКО қызметкерлерімен бірлесіп интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін тұрғындарды электрондық үкімет порталында немесе e-gov mobile мобильдік қосымшасы арқылы несие ресімдеуді бұғаттауға шақырды.

Орталыққа келген адамдар арасында Қызылжар ауданынан келген қарт ерлі-зайыптылар да болды. Өйткені әлдебіреулер банктен қоңырау шалып тұрғанын айтып, олардың атына бөгде адамдар қарыз алып жатыр деп хабарлаған. Қуанышқа орай, қызылжарлықтар алаяқтардың осындай қулықтары туралы теледидардан естіген. Ауылдықтар тұтқаның арғы жағындағы бейтаныс адамның нұсқауына сенбей, ақшаны резервтік шотқа аударудан бас тартқан. Мұны естіген ауыл тұрғындары бірден облыс орталығына келген. Банк бөлімшесіне барып, олардың атынан әлдебіреулердің операция жасамағанына көз жеткізді.

Бұдан кейін зейнеткерлер облыстық полицияның ақпараттық материалдарынан көріп-білген несиелерден бас тарту туралы қызметті қосу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барды.

– Банктік займдар, шағын несиелер алудан ерікті түрде бас тарту 6 айға ресімделеді. Бұл – алаяқтардан қорғанудың тиімді тәсілі. “Банктенбіз”, “полицияданбыз”, “прокуратураданбыз” және басқа да органдардың өкілдеріміз деген қоңырауларға сенбеңіздер. Егер телефонға бейтаныс қосымшаларды орнатуға және қаржылық операцияларды жасауға мәжбүрлесе, бірден мұндай адамдармен сөйлесуді тоқтатыңыздар. Ресми органдар мұндай қызметтерді ұсынбайды, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың 264 фактісі тіркелді. Оның 99-ы “банктен қоңырау соғу” әдісімен жасалған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру