Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдікті анықтады

Көлік полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Заңсыз келуші – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 112 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде елде болу ережелерін бұзғаны үшін 90 шетелдік, олардың 87-сі ТМД елдерінен болса, 3-уі алыс шетел азаматтары. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Оның айтуынша, сот шешімі бойынша 17 шетелдік елден тысқары шығарылды. Мәселен, Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын тексеру кезінде заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған ҚР көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 15 азаматын анықтады.

Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 10 шетелдік ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп елден шығарылса, қалған азаматтарға 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 3-9 маусымы аралығында Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау және департаменттің қызмет көрсету аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында «Заңсыз келуші – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру