Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының құқық қорғаушылары өңір диаспораларының өкілдерімен кездесті

Алматы облысының құқық қорғаушылары өңір диаспораларының өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңесте облыс аумағында құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу, ұлтаралық тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. 

– Қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығы сауатты жолға қойылған ұлтаралық қатынастарға байланысты. Ұлтаралық тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздік, қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу, сондай-ақ өңір аумағында тұратын халық үшін қауіпсіз жағдайлар жасау құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. 

Кездесу азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау саласындағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарын жақындастыруға ықпал етті. Диаспора өкілдері құқықтық тәртіп органдарына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Кездесуді қорытындылай келе, құқық қорғау органдары ұлттық диаспора көшбасшыларына қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны және құқыққа қарсы іс-қимылдардың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ қоғамда толеранттылыққа тәрбиелеуге бағытталған бірлескен қызметі үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде,  қатысушылар осы саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, одан әрі нәтижелі өзара іс-қимылға сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру