Алматыда ерлі-зайыпты тәртіп сақшылары 7 баланы тәрбиелеп отыр
Алматыда ерлі-зайыпты тәртіп сақшылары 7 баланы тәрбиелеп отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Альсеровтар жұбының отау құрғандарына 14 жыл болды. Олар қызметте танысты.
Отағасы – Аслан ЖҚАЖ-да, Арайлым – Бостандық аудандық полиция басқармасында қызмет етеді. Бүгінде олар жеті баланың ата-анасы.
– Біз Асланның ата-анасының қолдауымен балаларды тәрбиелеу мен полиция қызметкері болып жұмыс істеуді ұштастырып отырмыз. Осы үшін оларға үлкен рақмет. Балалар – біздің мақтанышымыз. Олар оқуда, спортта, шығармашылықта жетістікке жетуде. Айтпақшы, бүкіл отбасымызбен спортпен айналысамыз – бұл бізді біріктіреді, – деді Арайлым Альсерова.
Аслан мен Арайлым қызметте жақсы беделге ие: олардың адал қызметі жас полицейлерге үлгі. Альсеровтар жанұясы үлгілі отбасы ретінде де көпке үлгі.
– Біз Антымызға адал, мамандығымызға берікпіз. Полиция формасын киіп, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау біз үшін үлкен мақтаныш, – деп түйіндеді, көпбалалы ана.