Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ерлі-зайыпты тәртіп сақшылары 7 баланы тәрбиелеп отыр

Алматыда ерлі-зайыпты тәртіп сақшылары 7 баланы тәрбиелеп отыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Альсеровтар жұбының отау құрғандарына 14 жыл болды. Олар қызметте танысты.

Отағасы - Аслан ЖҚАЖ-да, Арайлым - Бостандық аудандық полиция басқармасында қызмет етеді. Бүгінде олар жеті баланың ата-анасы.

- Біз Асланның ата-анасының қолдауымен балаларды тәрбиелеу мен полиция қызметкері болып жұмыс істеуді ұштастырып отырмыз. Осы үшін оларға үлкен рақмет. Балалар - біздің мақтанышымыз. Олар оқуда, спортта, шығармашылықта жетістікке жетуде. Айтпақшы, бүкіл отбасымызбен спортпен айналысамыз – бұл бізді біріктіреді, - деді Арайлым Альсерова.

Аслан мен Арайлым қызметте жақсы беделге ие: олардың адал қызметі жас полицейлерге үлгі. Альсеровтар жанұясы үлгілі отбасы ретінде де көпке үлгі.

- Біз Антымызға адал, мамандығымызға берікпіз. Полиция формасын киіп, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау біз үшін үлкен мақтаныш, - деп түйіндеді, көпбалалы ана.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру