Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша брифинг өтті

Павлодар облысында жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафиновтың айтуынша, биыл облыс жолдарында 458 адам зардап шеккен, 23 адам қаза тапты, оның ішінде екі жасөспірім бар. 94 кәмелетке толмағандар жарақат алды.

– Жолдардағы қауіпсіздік деңгейі факторлар кешеніне байланысты. Бұл жылдамдық режимін сақтау, автомобильдердің техникалық жағдайы, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін білу деңгейі, қозғалысты ұйымдастыру, ЖКО кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудің уақтылылығы және тағы басқалар. Алайда, жолдардағы қауіпсіздіктің жалпы жағдайын анықтайтын негізгі фактор – жүргізушілердің тәртібі, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов. Спикер өліммен аяқталған ЖКО-ның негізгі себептері туралы хабардар етті. Атап айтқанда жолды белгіленбеген жерде өту, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтуі, қарсы қозғалыс жолағына шығу, белгіленген жылдамдықтан асып кету, қаңғыбас малдың кінәсінен және шаршаған күйде көлікті басқару.

Ағымдағы жылдың 5 айында жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 581 тексеру жүргізілді, 889 ақау анықталды, анықталған кемшіліктерді жоюға 581 нұсқама берілді.

Жолдарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 99 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылды, оларға 3 655 080 теңгеге айыппұл салынды. “Қазақавтожол” филиалымен бірлесіп республикалық трассалардың апатты-қауіпті учаскелерінде жануарлардың 15 макеті орнатылды.

Бұдан басқа жол-көлік жарақаттануының алдын алуды насихаттау бойынша 102 ақпараттық панно, елді мекендер мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңындағы республикалық маңызы бар автожолдарда 95 строб шамы орнатылды.

– Рульде ұйықтаудың алдын алу мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда 420 м2 шу жолағы орнатылды, – деп атап өтті құқықтық тәртіп сақшысы.

Кездесу соңында спикер жолдағы қауіпсіздік жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де байланысты екенін айтты. Сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің назарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауға аударды. Балалар оқу орындарының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және қоғамдық көлік аялдамаларының жанында барынша мұқият болу керектігін ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру