Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Павлодар облысында қоғамдық орында мас күйде жүрген 4,5 мыңнан астам тұрғын анықталды

Биыл Павлодар облысында қоғамдық орында мас күйде жүрген 4,5 мыңнан астам тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі – алкогольді ішімдіктер ішу немесе қоғамдық жерде мас күйде жүру. 

Жағажай маусымының басталуымен кезекші бөлімнің пультіне қала тұрғындарынан қоңыраулар келіп түсуде. Алайда, алкогольдік ішімдіктер ішетіндер көбінесе мас адамдарды заңды бұзуға итермелейтінін ескермейді және олар өздері қылмыскерлердің немесе жазатайым оқиғалардың құрбаны бола алады.

Сонымен, рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер ішімдік ішіп,  қалалық орындықтарда және Орталық жағалаудың ыстық құмында тәтті ұйықтап жатқан бірқатар ер адамдарды анықтады.

Барлық ер адамдар уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына  жеткізілді, ал қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жыл басынан бері ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін барлығы 4698 азамат жазаланды.

Павлодар облысының полиция департаменті еске салады, қоғамдық орында мас күйде жүру — бұл әдептілік пен қоғамдық тәртіп нормаларын айқын бұзу. Егер сіз қоғамдық жерде сусын ішсеңіз және тәртіп сақшысы сізге ескерту жасаса, онда Сіз құқық бұзушылықты тоқтатуыңыз керек. Қоғамдық жерде ішімдік ішу туралы “102” телефоны арқылы хабарлауға немесе “police 102” мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру