Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД ұйымдастырған жүгіруге 500-ден астам тұрғын қатысты

СҚО ПД ұйымдастырған жүгіруге 500-ден астам тұрғын қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 маусым күні Петропавл қаласының 500-ден астам тұрғыны мен қонақтары жаппай жүгіруге шықты. Оны облыстық және қалалық әкімдіктердің қолдауымен Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні қарсаңында өткізілетін есірткіге қарсы айлық аясында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.

Полицейлер қала тұрғындарына синтетикалық есірткіден ең алдымен жастар, ел болашағы зардап шегетінін, синтетикаға қарсы ем әлемде ойлап табылмағанын және оны таратқаны үшін бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейін созылатынын еске салды.

– Нашақорлықққа қарсы өмірдің ең жақсы және дұрыс жақтарын көрсете отырып күресу керек. Біздің ұранымыз “Спорт есірткіге қарсы!”, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен шақырылған фитнес-жаттықтырушы жаттығу өткізді, кейін жарысқа қатысушылар жарыс жолына шықты. Жүгіру қашықтығы 2,5 шақырымды құрады. Мәреге жеткен спорт әуесқойларын сертификаттар, медальдар мен естелік сыйлықтар күтіп тұрды.

Полицейлер 26 маусымда есірткіге қарсы айлықты аяқтайтын мерекелік концерт өтетінін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру