Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғын зейнеткердің атына заңсыз несие рәсімдеген

Ақмолалық тұрғын зейнеткердің пәтерінде тазалық жұмыстарын жүргізуге келіп оған несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 маусымда Жақсы ауданының полиция бөліміне ауданның 64 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз адам оның атына банктік несие рәсімдегенін хабарлады. Залал сомасы 2 млн теңгені құрады.

Тергеу жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде күдікті анықталды. Ол бұрын ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған жәбірленушінің 37 жастағы ауылдасы болып шықты.

Банктік несие рәсімделген күні әйел жәбірленушінің өтініші бойынша пәтерінде тамақ дайындаумен және тазалық жұмыстарымен айналысқаны белгілі болды. Әңгімеде ол жәбірленушінің банктік қосымшасына кіру паролі болатын туған күнін сұрап, алдап ер адам болмаған кезде атына несие рәсімдеген. Банк берген несиеге алынған қаражатын ұлының есеп шотына аударды.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру