«Жетісу» этно-ансамблінің бұрынғы солисі Алматы облысының полициясында қызмет етеді
«Жетісу» этно-ансамблінің бұрынғы солисі Алматы облысының полициясына қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облыстық полиция департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Еңлік Ережепбаева – мінезі берік және ерік-жігері зор маман. Адамдар оған тартылады, ол әрқашан бірінші болып көмекке келуге дайын.
Еңлік ішкі істер органдарындағы қызметін 13 жыл бұрын бастаған. Бүгінде ол ұжымдағы қарым-қатынастардың реттеушісі рөлін атқаратын көшбасшы ғана емес, сонымен қатар екі баланың анасы.
– Жас кезімнен мен не қалайтынымды нақты білдім, бүгінгі күні өз мақсатыма қол жеткіздім деп нық айта аламын. Жасөспірім кезімде өмірімді спортпен байланыстыра отырып, мен өз өмірімді халықтың игілігі үшін қызмет етуге және қылмыспен күресуге арнауды армандадым. Қызмет атқару барысында мен көптеген бөліністерде жұмыс істедім, тіпті криминалдық полицияның жедел уәкілі болдым, – деп атап өтті Еңлік Ережепбаева.
Еңлік спорттық аренада да үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Ол самбодан спорт шебері және дзюдодан спорт шеберіне үміткер. Кез-келген табысты әйел сияқты, оның да хоббиі бар. Ол – эстрадалық вокал. Ұзақ уақыт бойы Еңлік «Жетісу» этно-ансамблінің солисі болды. Еңлік «МКҚБ ханшайымы -2015, 2016» атағын, сондай-ақ «Ән салады мамандар-2016» республикалық музыкалық жобасының бас жүлдесін иеленген.
Туыстары Еңліктің жұмысына түсіністікпен қарайды, оны әрдайым және барлық жағынан қолдайды. Еңлік барлық бос уақытын балаларына арнайды.
Еңлік Ережепбаева – нағыз кәсіпқой, сауатты басшы, сүйіспеншілікке толы және қамқор ананың қасиеттерін біріктіре алатын погондағы әйел басшының жарқын үлгісі бола білді.
Шынында да бүгінде ол өз жұмысын жақсы атқарады және әр кез әкесінің нұсқауларын есіне алып отырады. Әкесі Еңлікке ешқашан адамның көңілін қалдырмауға және әрқашан алға ұмтылуды үйретті.