Қызылорда облысында пробация есебіндегі азамат балық аулау жарысында жеңіске жетті
Қызылорда облысында пробация есебіндегі көпбалалы әке балық аулау жарысына қатысып, жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Біз бір командамыз” атты отбасылық балық аулаудан сайыс өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты – әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, бір-біріне деген сенімділікті арттыру және бір команда болып жеңіске деген талпыныстарын арттыру.
Сайыс нәтижесі бойынша “Ең алғашқы ауланған балық”, “Ең кішкентай балық” және “Ең үлкен балық” номинациялары бойынша жүлделі орындар берілді. Нәтижесінде Қармақшы аудандық пробация есебінде тұрған Қ есімді азамат, көпбалалы әке “Ең үлкен балық” номинациясы бойынша жеңіске жетіп, арнайы дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.