ШҚО полицейлері “Ауылдық кітапханаларға арналған 100 кітап” акциясына қатысты
ШҚО полицейлері “Ауылдық кітапханаларға арналған 100 кітап” акциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Глубокое аудандық балалар кітапханасына көркем, ғылыми-танымдық және дамытушы әдебиеттер берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында жас ұрпақтың кітап оқу мәселесіне ерекше назар аударған еді.
Халық айтқандай, кітап – адамның досы, ал пайдалы достықты бала кезден бастау керек. Тәртіп сақшылары балаға кітапты сыйға тарта отырып, бүкіл өскелең ұрпаққа барлық жаңа нәрселерді үйренуге ұмтылуға, кітаптан ақпаратты мүмкіндігінше жиі алуға шақырды.
– Біздің облыстық департамент көптеген танымал медиа тұлғалар қолдаған бұл акциядан тыс қалмады. Шығыс Қазақстан полицейлерінің атынан біз сіздің кітапханаңызға 100 кітап сыйға тартамыз. Жас келушілер үшін бұл кітаптар білім мен шабыт көзі болатынына сенімдімін, – деп атап өтті полиция департаментінің бастығы полиция Ерлан Омарбеков.
Полицейлер біздің ата-бабаларымыз өздерінің барлық ілім-білімін қағазға бекер түсірмеген және оларды үлгі тұтқан Қазақстандық жастар ұлы ақындар мен ағартушылардың жолын жалғастыратынына сенімді екендерін атап өтті.