Елордада биыл балалардың түнде жүргені үшін екі мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды
Елордада биыл балалардың түнде жүргені үшін екі мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және бақылаусыз қалуының алдын алу мақсатында тұрақты негізде жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Рейд аясында ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың болуы тексерілді. Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша Ш.Айтматов көшесіндегі қаланың компьютерлік клубтарының бірінде сағат 02:00-де 16 жастағы жасөспірімнің болу фактісі анықталды.
Кәмелетке толмағанның заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін мекеме әкімшісі ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде кәмелетке толмаған баланың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар осы жылдың басынан бастап полицейлер 4 мыңнан астам кәмелетке толмағандарды аумақтық ПБ-ға жеткізді.