БҚО полицейлер сейф ұрламақшы болған жігітті қолға түсірді
БҚО полицейлер сейф ұрламақшы болған жігітті қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маусымның 28-нен 29-на қараған түні қаладағы кеңселердің біріне белгісіз біреу еніп, кеңседен темір сейфті көтеріп алып кеткен. Сейф ішінде 1 миллионға жуық қаражат болған.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған сейф тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кету керек облыстың жедел уәкілдері, жыл басынан бері бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша қылмыстарды ашуда жақсы нәтиже көрсетуде. 6 айдың ішінде осындай 491 қылмыс тіркелсе, оның ашылуы 79,3%-ды құрап отыр.